Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы шарықтай ма
Фото: izh.kp.ru
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Жаңа жылға дейін Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттамайтынын жаздық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мен жаңа жылға дейін қандай да бір дүрбелеңді баға өсімі болмайды деп ойлаймын. Бағалар стандартты түрде, белгілі бір мөлшерде ғана өседі, бірақ дүрбелең болмайды", – деді Жұманғарин.
Оның пікірінше, былтыр да Жаңа жыл алдындағы айтарлықтай баға өсу байқалмаған, сондықтан биыл да мерекеден бұрынғы апталар тыныш өтеді деп болжанып отыр.
"Былтыр жаңа жылдық кезең салыстырмалы түрде тыныш өтті. Биыл да осылай болады деп үміттенеміз. Біз азық-түлік бағасын қатты реттемедік, фермерлерге табыс табуға мүмкіндік бердік, тіпті көп сын айтылғанына қарамастан. Яғни қатал реттеу шаралары қолданылмады", – деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер үкіметке бірнеше тауарлардың, соның ішінде қызанақ пен қиярдың баға түзілу механизмін зерттеуді тапсырғанын айтты.
"Кейбір өнімдердің бағасы үнемі өсіп отырады. Бұл – таңғаларлық жағдай. Менің ойымша, мұнда мүмкін спекуляциялық факторлар бар… Мен ондай тапсырма бердім, бес-алты тауар бойынша баға түзілу механизмін зерттеу керек. Егер спекуляциялық құрам бар екенін анықтасақ, нарыққа қысым жасап отырғанын көрсек, сол тауарларды қатты реттейміз", – деді вице-премьер.
Жұманғариннің айтуынша, қазір үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін кеңейту мәселесін де қарастырып жатыр. Қазір СМАТ тізіміне 19 тауар кіреді.
Вице-премьердің мәлімдеуінше, айтарлықтай баға өсімі әлеуметтік маңызы жоқ тауарларға тән болып отыр. Соның ішінде қияр, қызанақ және әртүрлі ет өнімдері қымбаттаған. Ал әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы тұрақты.
"Жағамды ұстадым": Отандасымыз Қазақстан Мен Германиядағы азық-түлік бағасын салыстырды
Жаңа жылға дейін және кейін ет бағасы өсе ме: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бағаларды тұрақтандыруға бөлінген миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалғанын жазған едік. Агенттік тексерісі кезінде өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда қарыздардың негізсіз ұзартылуы, өнімнің нарыққа жеткізілмеуі, қоймаларда жылдап сақталуы және жекелеген компанияларға артықшылық берілуі сияқты заңбұзушылықтар табылды.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр