Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жастарға өмір бойы темекі шегуге тыйым салатын заң күшін жоймақ

Жаңа Зеландия үкіметі ел қазынасын толтыру үшін темекі шегуге тыйым салу бойынша әлемдегі ең ірі заң жобасының күшін жоймақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Джакинда Ардерн басқарған бұрынғы үкіметтің заң жобасы 2008 жылдан кейін туған кез келген адамға 2024 жылдан бастап темекі мен темекі өнімдерін сатуға өмір бойы тыйым салуды көздейді.

Елде темекі шегуден бас тарту науқаны аясында темекі өнімдерін бөлшек саудада сатуға шектеулер енгізіліп, темекідегі никотин деңгейі төмендеді. Зерттеулер көрсеткендей, мұндай шаралар жылына бес мыңға жуық адамды құтқара алады.

"Біз жастардың темекі шегуді мүлде бастамауын қамтамасыз еткіміз келеді", – деді сол кездегі денсаулық сақтау министрі Айеша Вералл.

Өткен сенбіде елдің қаржы министрі Никола Уиллис темекіге қарсы реформаның күшін жойғанын мәлімдеп, мұны ел бюджетін толықтыру үшін қажет екенін айтты.

"Темекі шегуге қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мемлекеттік қазынаға айтарлықтай әсер етіп, шамамен 1 миллиард доллар кірістен айырғанын есте ұстауымыз керек", – деді министр Жаңа Зеландияның TV3 телеарнасына берген сұхбатында.

Денсаулық сақтау мамандары жаңа үкіметтің темекі шегуге қарсы науқаннан бас тарту туралы мәлімдемесін қатаң сынға алды.

Заңның күшін жою туралы шешімді Жаңа Зеландия парламенті қолдауы керек.

Кейбір заң шығарушы орган өкілдері, соның ішінде жаңа премьер-министр Крис Лаксон да темекі шегуге түбегейлі тыйым салу темекінің қара нарығын тудырады деген пікірде.

Талқылау