Жаңа тұрғын үй кешені ташкенттіктерді несімен таңғалдырды
NRG компаниясының клиенттері үшін 2022 жылдың жазы естен кетпесі анық. Себебі олар Mirzo Ulugbek-3 және Oybek-2 тұрғын үй кешендерінен баспаналы болды.
NRG командасы жаңа үйлердің жаңа иелеріне нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады десек қателеспейміз. Мәселен, Mirzo Ulugbek тұрғын үй кешенінің кіре берісінде түрлі-түсті фонтандары бар үлкен арка, оның артындағы көп жылдық ағаштар, сәндік бұталар мен маусымдық көгалдар бар әрбір адамның көңілінен шығары анық. Кешеннің ландшафтын құрастыруға танымал өзбекстандық дизайнерлер атсалысқан.
Mirzo Ulugbek тұрғын үй кешені
Алдыңғы қатарлы стандарттарға сәйкес сенімді техникалық және инженерлік шешімдер астасып жасалған көп қабатты үйдің қасбетінің романтикалық стилі тұрғын үй кешеніне бірегей стиль сыйлатындай.
Тұрғын үй кешені – салт-дәстүрді қастерлейтін адамдар үшін таптырмас мекен. Алдағы уақытта кешеннің 4-ші кезегі аумағында шайхана салынады. Мұнда жергілікті тұрғындар көрші-қолаңның ортасында "ғап" (мәжіліс) өткізе алады.
Mirzo Ulugbek тұрғын үй кешені
Mirzo Ulugbek жас аналар үшін де қолайлы, себебі мұнда арбамен серуендеуге арналған тайғақ емес соқпағы бар арнайы аймақ жасалды.
Ал кешенді пайдалануға беру кезінде Mirzo Ulugbek-тің әрбір тұрғынына сату жөніндегі менеджер және қонақты жобаның ерекшеліктерімен таныстырған инженерлік-техникалық қызметкер бекітілді.
NRG Oybek тұрғын үй кешені
NRG Oybek тұрғын үй кешені – NRG компаниясының отбасылық үй санатындағы алғашқы smart-нысаны. Әрбір подъезде Face ID функциялары және саусақ ізін пайдалану арқылы кіру мүмкіндігі бар IP-домофония орнатылған. Сонымен қатар кешендегі лифтер сенсорлық түймешелермен жабдықталған.
Аулада авторлық дизайнмен жасалған түрлі ағаштар мен бұталардың ландшафты көз тартады. Сондай-ақ мұнда ойын автоматтарымен жабдықталған балалар ойын бөлмесі мен бүлдіршіндерге арналған манеж де табылады. Ал кішкентай өнерпаздар үшін балалар бөлмесінде амфитеатр мен сурет салуға арналған мольберт қарастырылған. Бұған қоса тұрғындар мерекелік іс-шара өткізе алатын қонақ бөлмесі де бар.
"Біздің алғашқы салынған нысандарымыздың үлгісіне негізделген Өзбекстанмен кәсіби және мәдени ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілуде. Өзбекстанның экономикасы белсенді дамып, инвестиция тартуда. Құрылыс компаниясы ретінде біз бұл жетістікке архитектуралық сипат беретін бірегей жобаларымызды мақтан тұтамыз”, – дейді Oybek тұрғын үй кешені жобасының жетекшісі.
Екі тұрғын үй кешені де қолайлы жерде орналасқан. Дамыған инфрақұрылымның арқасында барлық қажетті мекемелерге жаяу жетуге болады.
Үйлердің орталықта орналасуы коммерциялық қызметтің дамуына мүмкіндік береді. Себебі функцияналды жобалау мен логистиканың арқасында нысандар келушілер үшін тартымды бола түсіп, бизнестің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қазір сатылымда тек бірнеше пәтер бар.
Кешендердің ерекшеліктерін барып немесе виртуалды түрде көруге болады:
https://mirzoulugbek.u-nrg.uz/
Толық ақпарат – 1060 нөмірі бойынша.
Еске салайық, NRG екі ірі құрылыс компаниясы – BI Group инновациялық құрылыс холдингі және Murad Buildings жетекші өзбек құрылыс компаниясының симбиозынан құралған.