Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған сәбилер еденде жатыр: Елордалық перзентхананың басшылығына сөгіс жарияланды

Нұр-Сұлтандағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестелердің дәлізде жатқан суреті желіде тарап көпшіліктің ызасына тиді. Перзентханадағы орын жетіспеушілігіне байланысты елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Zakon.kz басылымына сілтеп хабарлайды.  

перзентхана

Астананың сол жағалауындағы №1 перзентханада не болып жатқаны туралы Instagram пабликтердің бірінде желі қолдаушысы айтып берді. 

Оның айтуынша, перзентханада орын жоқ болғандықтан аналар мен жаңа туған сәбилер еденде ұйықтауға мәжбүр. Желідегі өзге де оқырмандардың сөзіне сенсек, перзентханадағы бұл жағдай үнемі осындай және бұл, өкінішке орай, коронавирус инфекциясының өршуімен байланысты емес. Дәл осындай орын жетіспеушілігі 2013 және 2019 жылдары да болған.

Елордадағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл бассыздық туралы үнсіз қалмады. Дереу жауап берді. 

"№ 1 көпбейінді қалалық аурухананың" акушерлік блогында төсек қоры жеткілікті көлемде ашылған. Босанатын орын жеткілікті. Аталған факті бойынша перзентхананың босандыру жөніндегі орынбасарына сөгіс жарияланды", - деп нақтылады ведомство өкілі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр