Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған нәрестесін өлтірген Шымкент тұрғыны іздестірілуде – БАҚ

Шымкенттегі ықшамаудандардың бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, 21 желтоқсанда Нұрсәт шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған. Шымкент полицейлері өлі күйінде табылған сәбидің анасын іздеп жатыр.

Дерекке байланысты Қаратау ауданының 102 полиция бөлімшесіне хабарлама түскен.

Қазір полицейлер көз жұмған сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау