Жаңа туған нәрестені Қазақстаннан әкетпек болған Қытай азаматтары Алматы әуежайында ұсталды

Фото: Ru.freepik.com
Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар шетелдіктер Қазақстаннан кетпек болғанда ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
11 қараша күні Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар қытайлық екі отбасылық жұп ұсталды. Шетелдіктердің балаларға қатысты құжаттары болған, бірақ олар Қазақстаннан шыға алмады.
Алматы қаласы полиция департаменті әуежайда Қытай азаматтарының ұсталғанын растады.
“Бұл факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция.
Жетісу облысында әйел екі баласын екі миллион теңгеге сатқан
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жаңа туған баланы сатқан ана 5 жылға, медбике 8 жылға сотталған еді.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі