AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдардың аты болған

Жаңа партиялардың тізімінде қайтыс болған адамдардың аты-жөні болған. Бүгін әділет министрі партияларды ресми тіркеуге не кедергі болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Әзірге үш партия құжат тапсырған: "Ел тірегі", "Байтақ", "Намыс". Бірақ белсенді топтардың құжаты бірнеше рет қайтарылыпты. 

Ұйымдастыру тарапынан бұзылушылық болған дейді министр. Кей жағдайда адамдардың жеке басын анықтайтын нөмір сәйкес келмесе, кейде мүшелер басқа партия өкілі болып шыққан. 

Тізімнен өмірден өтіп кеткен тұлғалардың да аты-жөні табылыпты. Адамдарды партия қатарына жаппай тіркеудің де себебі бар. Өйткені тіркеу рәсімі жеңілдетілген жаңа заң әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан дәл қазір 20 мың жақтас қажет. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында саяси партияларды тіркеу шегін төрт есеге, яғни 20 мыңнан 5 мың адамға азайтуды тапсырған болатын. 

"Бұл ұйымдастырушылардың жұмысы. Олардың міндеті – тізімді  тексеріп, толық тексеріп, онда еш заңбұзушылық болмау керек. Егер олар құжаттарының бәрін дұрыс тексеріп тапсырса, онда тіркейміз. Қазір партияны тіркеу үшін ұйымдастыру тобының саны 1000 адамды қамтуы керек. Ал партияның мүшесі 20 мың болуы керек", - дейді ҚР әділет министрі Қанат Мусин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр