Бұрынғы әріптестері жаңа министр Мәдина Әбілқасымованың қандай екенін айтып берді
«Әбілқасымова өзін еңбекке қабілетті маман екендігін дәлелдеді»,-дейді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов өткен аптада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған бұрынғы әріптесі Мәдина Әбілқасымова туралы түсініктеме берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Оның сөзіне қарағанда, ұлттық экономиканың вице-министрі бола отырып, Әбілқасымова ЭЫДҰ елдерімен ынтымақтастықтың мол тәжірибесі бар, еңбекке қабілетті маман екендігін дәлелдеді.
«Менің ойымша, ол өте жақсы министр бола алады және одан зор үміт күтуге болады. Ол батыста білім алғандықтан ЭЫДҰ-мен жақсы қарым-қатынаста. Онда оның лайықты, әрі ұзақ серітестікті және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін үлкен тәжірибесі бар», – деді Даленов орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің орынбасары жаңа министрдің келуімен Экономика және қаржы министрлігімен арадағы ынтымақтастық нығая түседі деп отыр.
«Біреулер оның өңірлермен жұмыс істеуде және еңбек жанжалдарын шешуде жеткілікті тәжірибесі жоқ деп айтуы мүмкін. Менің ойымша, жаңа министрдің мінезі жауынгерлік сипатқа ие. Сондықтан біз оны экономист, көшбасшы және жалпы адам ретінде өте білікті, жоғары сапалы қызметкер деп сипаттаймыз », – деді Даленов Әбілқасымова туралы.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының кеңейтілген отырысынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамар Дүйсенованы қызметінен босатып, оның орнына Мәдина Әбілқасымованы тағайындады.
Жіберіп алмаңыз:
Мәдениет министрлігі Алматыдағы Әуезов театрына жаңа басшы тағайындады
Премьер-министр Елбасының сынынан кейін үкіметтің сенбілік отырысын өткізді
Жаңа тағайындалған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз?