Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрлігі Алматыдағы Әуезов театрына жаңа басшы тағайындады

Бұған дейін Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын жемқорлық үшін ұсталған Ерлан Біләл басқарған. Ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 52 миллион 500 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, сот оны кейбір мемлекеттік марапаты мен атағынан айыру туралы президентке ұсыныс білдірді.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен танымал қазақстандық режиссер Асхат Маемиров М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры болып тағайындалды.

Бұл туралы МСМ баспасөз қызметін сілтеп,  Stan.kz хабарлайды.

Асхат Маемиров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, “Болашақ” Президент стипендиясының иегері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын драма театр режиссері мамандығы бойынша тамамдаған. 2008 жылы Францияның танымал Université Sorbonne Nouvelle Paris 3 университетінде білім алып, драма өнерінің Париж ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен. 2010 жылы Ресей театр өнер академиясында (ГИТИС) театр өнері магистрі дәрежесін алды.

Жаңа басшы еңбек жолын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында режиссер болып бастаған. Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінде “Актерлік өнер” бөлімінің меңгерушісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “Театр өнері” факультетінің деканы,  Қазақ Ұлттық өнер университетінің “Актер шеберлігі және режиссура” кафедрасының доценті болды.

Сондай-ақ, отандық мәдениеттің қазіргі заманғы үздік арт-менеджерлері қатарына кіреді. Еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы белгілі ұйымдар – “Қазақстанның рухани қоры” АҚ, “Қазақ әуендері” АҚ жетекшілік етті.

2017 жылы қазақстандық мәдениеттің көш басындағы ең ірі музыкалық ұжымдардың бірі – “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымын басқарды. Елордалық “Астана мюзикл” театрының көркемдік жетекшісі және Қазақстан театрлар ассоциациясының вице-президенті қызметін атқарады.

Асхат Маемировтың шығармашылық қызметі театр өнерімен байланысты. Ол Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында “Қара шекпен” (Г. Хугаев), М.Әуезов атындағы театрда “Қоштасқым келмейді” (А.Володин), “Ұлым саған айтам” (Б.Беделхан) атты спектакльдердің, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында С.Мұхамеджанвтың “Айсұлу” операсы, “Астана Опера” театрында “Қызжібек” операсын сахналауға ат салысты. Сонымен бірге “Ромео мен Джульетта” (Ж.Пресгурвик), “Қыз Жібек” (Е.Брусиловский), “Астана” (Б.Ғафу, А.Оренбургский) атты қазақстандық мюзиклдердің қоюшы режиссері ретінде танымал болды.

Жіберіп алмаңыз:

Сыртық істер министрлігі Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда 

Премьер-министр Елбасының сынынан кейін үкіметтің сенбілік отырысын өткізді 

Жаңа тағайындалған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз? 

Назарбаев қазақша сөйлемеген Қызылорда әкіміне ескерту жасады

Талқылау