Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

86,7%-ы қолдаған: Жаңа Конституцияға қатысты референдумның Exit Poll нәтижелері жарияланды

референдум

Фото: Stan.kz 

Қазақстанда жаңа Конституция жобасын мақұлдау бойынша республикалық референдумның Exit poll қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Exit poll нәтижесін сауалнама бойынша Еуразиялық интеграция институты ұсынды. 

“2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды”, – делінген хабарламада.

Күні бойы 7 өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 10.30-да, 12.30-да, 14.30-да, 16.30-да, 18.30-да және сағат 20.30-да жасалды. 

Референдум учаскілерден шыға берісте респонденттерге "Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?" деген сұрақ қойылды.

Экзитпол нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы "Иә, қабылдаймын" деп жауап берді, Жалпы 75,3% адам қатысты.

Жеке “Социс-А” кешенді әлеуметтік зерттеулер институты” қоры жүргізген Exit poll нәтижесіне сәйкес дауыс беруге қатысқан респонденттердің 87,4%-ы референдума “Иә” деп жауап берген.

"Социс-А" мамандары дауыс беруге арналған 200 учаскеден шыққан азаматтар арасында "exit poll" әдісі арқылы дауыс беру нәтижелерінің алдын ала есебін жүргізді. Сауалнамаға қатысушыларға референдум аясында қойылған: "Айтыңызшы, сіз елдің жаңа Конституциясын қабылдауды қолдап дауыс бердіңіз бе, әлде қарсы болдыңыз ба?" деген сұрақ қойылды.

Дауыс беру учаскелеріне келу деңгейі – 73,8%, ал әлеуметтанулық қателік шегі – ±1,5%.

Ал "AMANAT" партиясының "Қоғамдық саясат институты" жүргізген exit-poll нәтижесі бойынша дауыс бергендердің 88,6 %-ы Жаңа Конституцияны қолдаған.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 00:10