Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын – Конституциялық комиссия

Фото: gov.kz

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері мәлімдеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы қоғамның нақты сұраныстарын ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың анағұрлым орнықты әрі ашық жүйесін қалыптастырады. Ластаев жаңа Конституция жобасы азаматтар күнделікті өмірде бетпе-бет келетін жағдайларды ескереді және адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін шешімдердің алдын алуға бағытталғанын атап өтті. 

“Жүргізілген жұмыстың нәтижелері мен талқылаудың ауқымын ескере отырып, ұсынылған жоба азаматтардың мүдделерін көрсететін әрі олардың күтулеріне сай келетін құжат ретінде жалпыұлттық референдумға шығарылып, қолдау таба алады”, – деді Артур Ластаев комиссия отырысында.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі күшейтілді – Жаңа Ата заңдағы 9-бап өзгереді

Қолданыстағы Конституция мен жаңа Ата Заңда қандай айырмашылық бар: Талдап көрдік


Осыған ұқсас пікірді комиссияның оныншы отырысында саясаттанушы Марат Шибұтов та айтқан еді. 

“Бұл күрделі, кейде ыңғайсыз, бірақ адал үдеріс болды. Нәтижесінде, қазіргі кезеңде бізде түрлі сала сарапшыларының бірлескен еңбегі мен әртүрлі ұстаным, тәжірибе мен дүниетанымының нәтижесі болып табылатын жоба бар. Сондықтан да Ата заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге шығаруға дайын деп санаймын”, – деді Марат Шибұтов.

Еске салсақ, бұған дейін жаңа Конституция жобасында Құрылтайды таратуға шектеулер енгізілгені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026 18:57