Жаңа Конституция қабылданған соң 2026 жылдың жазында Парламент сайлауы өтпек

Жаңа Конституция қабылданған соң 2026 жылдың жазында Парламент сайлауы өтпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда бұл тек қазақстандықтар 2026 жылғы 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумда жаңа Конституцияны қабылдаған жағдайда ғана жүзеге асады.
Жаңа Конституцияның 95-бабында ҚР Парламенті 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз өкілеттігін тоқтататыны көрсетілген.
“Құрылтайға сайлау Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан бір ай ішінде жарияланып, Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде өткізілуге тиіс”, – делінген Конституция жобасында.
Осылайша, Қазақстандағы парламент сайлауы 2026 жылғы 31 тамызға дейін өтеді.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Сондай-ақ Конституция жобасының 94-бабына сәйкес, республикалық референдумда қабылданған Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Қазіргі Конституция да сол күннен бастап өз күшін жояды.
Республикалық референдумда жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні болып белгіленеді.
Сонымен қатар Құрылтайдың бірінші шақырылымының алғашқы сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Президент депутаттардың келісімімен вице-президентті тағайындауға тиіс. Осы мерзімде Конституциялық соттың төрағасы мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мен мүшелері тағайындалуы қажет. Бұл ретте Конституциялық соттың жаңа құрамы қалыптасқанға дейін, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституцияға сәйкес тағайындалған Конституциялық сот төрағасы мен судьялары, ОСК төрағасы мен мүшелері және Жоғары аудиторлық палата басшылығы өз өкілеттігін сақтап қалады.
Жоғарғы сот төрағасы, Ұлттық банк төрағасы, Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Жоғары сот кеңесінің төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуға тиіс.
Сондай-ақ 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституцияға сәйкес сайланған (тағайындалған) Жоғарғы соттың, жергілікті және өзге де соттардың судьялары, мәслихат депутаттары және өзге лауазымды тұлғалар Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін өз қызметін жалғастыра береді.
Айта кетейік, бұған дейін Референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланғаны хабарланған еді.
"110 мың теңгенің орны": Алматыда бейтаныс жұп тойға шақырусыз кіріп тегін тамақтанып, көңіл көтерген