Жаңа Конституция бойынша шетелдіктерге жер сатылмайды – Депутат

Фото: instagram.com/bakytzhan.bazarbek
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін қоғамда “Жаңа Конституция бойынша жер шетелдіктерге сатылады” деген ақпарат тарап жүргенін айтты. Депутат мұны таратқандардың әрекетін нағыз манипуляция деп бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бақытжан Базарбек жаңа Конституция жобасында жерді сатуға мүмкіндік беретін бірде-бір норма жоқ екенін айтты.
“Ашық әрі нақты айта аламын: қолданыстағы Конституция жобасында жерді сатуға мүмкіндік беретін бірде-бір норма жоқ – бұл бір. Қандай да бір тыйымды алып тастайтын норма да жоқ – бұл екі. Жер және оның қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін”, – деп депутат норманы тағы бір қайтара оқыды.
- Жаңа Конституция "мәңгілік билікке" жол бермейді – Депутат
- "Өз тілін өзгелерге тықпалау естінің ісі емес": Депутат басқалардан қазақ тілін талап ететіндерге кеңес айтты
Ол Конституцияның қазіргі редакциясындағы 6-бап еш өзгеріссіз жаңа Конституцияның 8-бабының негізіне алынғанын атап өтті.
“Жерді сату” туралы барлық әңгімелер – не құқықтық сауатсыздық, не саналы түрде жасалған манипуляция”, – деді Бақытжан Базарбек.
Айта кетейік, депутат Айдос Сарым “талқылаулар өте тез өтті, адамдар аз жиналып, Конституция қысқа уақыттың ішінде қабылданды” деп жүрген халық наразылығына жауап берген еді.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр