"Салоннан алып, бірден жөндеуге барасың": Қазақстандықтар сапасына қарамастан өзбекстандық автокөліктерді сатып алуда
Өзбекстандықтар жергілікті өндірушілер шығарған автомобильдердің сапасына жаппай шағымданып жатыр. Ал сол өндіріс кәсіпорны Қазақстанға ең ірі машина жеткізушілерінің бірі саналады. Автокөліктердегі ақауларға қарамастан, қазақстандық нарықта UzAuto Motors компаниясының ықпалы артып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстанда # stopmonopoly хэштегі танымал бола бастады. Тек екі аптада Telegram арнасына 14 мың адам жазылды. Оған дейін 18000 жазылушы болды. Олар елде шығарылатын машиналардың сапасына наразы.
"Менің досым көлікті 14 мың долларға сатып алды. Көрсетеді, ал онда есік жабылмайды, жүк салатын жері жабылмайды. Онда саңылаулар бар (саусақпен көрсетеді - шамамен төрт сантиметр). Барлық адамда солай екен. Жаңа көлік сатып алып, бірден жөндеуге барасыз", – дейді өзбекстандық блогер Умид Гафуров.
Автокөлік иелері өздері тапқан ақауларды видеоға түсіріп, жариялап жатыр. Біреулердің есігі жабылмайды, біреудің машинасы тұтану кілтін алып тастағаннан кейін де жүре береді, басқасында тіпті көлік оталмайды.
"Сіз бұл көлікті бір жыл күттіңіз, егер қандай да бір ескерту мен шағымдар айтсаңыз, онда бұл көлікті алып қояды. Өзгеретінін айтады, бірақ тағы алты ай, тіпті бір жыл күту керек", - дейді Умид Гафуров.
Блогер Никита Макаренко Өзбекстандағы UzAuto Motors автомобиль зауытының жұмысына қолайлы жағдай жасау үшін автокөлік импортына тыйым салғанын мәлімдеді. Шетелден автокөлік сатып алу үшін оның құнынан шамамен 300% мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
Сонымен қатар, блогер өзбекстандық өндіруші көліктерінің бағасы қымбат екенін айтты.
Ал UzAuto Motors құрастырған машиналарында автокөліктерінде ақаулардың бар екенін жоққа шығармады, тіпті белсенділерге әлеуметтік желілердегі суреттері мен видеолары үшін алғыс білдірді. Олар ресми дилерлерге немесе компанияның өзіне ақаулықтарды жою үшін хабарласуды ұсынды.
Әңгіменің мәні мынада, UzAuto Motors үшін ірі шетелдік сатып алушы - Қазақстан. Өзбекстанның статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Қазақстан жалпы сомасы 91 млн долларға тоғыз мыңға жуық көлік сатып алған.
Өзбекстандық компания да екі жыл қатарынан Қазақстанда жеңіл автокөлік сату бойынша көшбасшы болғанын мәлімдеді. Біздің елімізде ең танымал Chevrolet Cobalt және Chevrolet Nexia 3 болды.
"Қазақстанның автокөлік нарығында таңдаудың көптігіне қарамастан, UzAuto Motors автокөліктері сатудағы өз үлесін ұлғайтуды жалғастыруда, бұл оң динамиканы көрсетеді. Егер өткен жылдың қыркүйек айында отандық автоөндірушілер нарығының үлесі 19,8% құраса, осы жылдың қазан айында бұл көрсеткіш бірнеше есеге артты, ал қазір ол 28,1%-ға тең. 2020 жылдың қазан айында 8 637 жеңіл автокөлік сатылды, оның 2 077-ін UzAuto Motors компаниясы шығарды", - деп хабарлайды UzAuto Motors-те.
Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының деректері бойынша Өзбекстан Қазақстанға Ravon және Chevrolet машиналарын экспорттайды. 2020 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында қазақстандықтар 6 906 Ravon және 5 556 Chevrolet маркалы автокөліктерін сатып алды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
