Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Автонесие беруде көшбасшылық позициясын сақтап қалды": Еуразиялық банк үздік нәтижелерімен бөлісті

2022 жылдағы геосаяси шиеленістер мен санкциялық шектеулерге қарамастан банк қарқынды дами түскен. Былтыр Қазақстан нарығынан бірнеше шетелдік банктің кетуі қазақстандық банктерге сынақ болып, жаңа мүмкіндіктер ашқан. Бұл жағдайды Еуразиялық банк өзінің пайдасына жаратып, нарықтық үлесін 3,8%-дан рекордтық 5,3%-ға дейін көтерген. Еуразиялық банк басқарма басшығы БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, 2022 жылы банкте болған өзгерістер туралы атып, жоспарларымен бөлісті.

Банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиеваның сөзінше, олар батыс елдерінің санкциялық тізімдерін бақылап отырады. Ол 2022 жыл Қазақстандағы банк қауымдастығын, оның ішінде Еуразиялық банкті шұғыл әрекет етіп, оңтайлы шешімдер қабылдауға үйретіп, жаңа қиындықтарды өткеруге үйреткен.

"Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қолжеткіздік: банк пайдасы алты есе өсіп, активтері мен несие қоржыны бір жарым еседен асып кетті. Өрлеу қарқыны жөнінен Еуразиялық банк 2022 жылы ең жылдам дамып жатқан банктердің біріне айналды. Өтімді активтер 75%-ға дейін шарықтап, нарықтың құбылмалы мінезіне тез бейімделе және клиенттердің талап-тілектеріне жауап бере отырып, несиені белсендіруге мүмкіндік берді. Біз белсенді цифрландыруды жалғастырдық, нәтижесінде тауарлық несие беруде клиенттер үшін ең қолайлы шешім шығаруды 4 секундта қамтамасыз ете отырып, нарықта бір қадам алға жылжыдық. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында біздің активтеріміз 2,3 триллион теңгеден асты және бұл өсім жалғасуда", - дейді ол.

Өткен жылы банктің барлық бағыт бойынша нарықтағы қаржылық үлесі арта түскен. Банк активтері, қаржылық капиталы мен несие беру жағынан банктер рейтингінде 7-орынға көтерілген. Банк басқарма төрағасының қаржылық блок жөніндегі орынбасары Наталья Дружининаның айтуынша, банктің таза табысы 6 есеге өсіп, рекордтық 83,3 миллиард теңгені құраған.

"Негізгі блоктар бойынша айта кететін болсам, 2022 жылы банк активтері банктің несие портфелінің өсімі есебінен 67% өсті, яғни 2,36 трлн теңге жетті. Былтыр 12 ай ішінде клиенттердің несиесі 67%-ға ұлғайып, яғни 635,3 млрд теңгеден 1,06 трлн теңгеге дейін жетті. Айта кетейін, соңғы екі жылда бөлшек сегментпен қатар, корпоративтік сегментте де несие беру қарқыны өсіп келеді. Клиенттеріміз банкке сенім артып, депозит ашу және шоттарында ақша сақтауды да жиілетті. Соның нәтижесінде депозиттер мен шоттардағы жалпы қаражат 1,136 теңгеден 1,931 трлн теңгеге дейін жетті, яғни бір жылда 70%-ға өсіп отыр. Банктің меншікті капиталы 65%-ға, яғни 197,3 млрд теңгеге дейін өсті. Осы сандардың бәрін қосып, есептегенде банктің бір жылдағы таза пайдасы 6 есеге ұлғайып, 83,3 миллиард теңгені құрады", - деді Наталья Дружинина.

Оның айтуынша, Еуразиялық банк қазіргі таңда автонесие беру бойынша Қазақстандағы үздік банкке айналған. Жаңа көлікті несиеге алатын қазақстандықтардың ең көп бөлігі, яғни 48%-ы осы банкті таңдайды. Несиелендірудің осы бағыты бойынша банк өзінің көшбасшылық позициясын сақтап қалған. Сонымен қатар, POS-несиелеу нарығындағы банк үлесі 17% өсіп, ел бойынша 3-орынға көтерілген.

Банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева Қазақстандағы қаржы саласында талқыланып жатқан өзекті мәселелерге қатысты да өз пікірін айта кетті.

Кездесуде жаңадан талқыланып бастаған алаяқтардан зардап шеккен азаматтарды қорғау туралы мәселеде сөз болды. Ләззат Сатиева азаматтардың көбі өзіне қатысты ақпаратты дұрыс қорғай алмайтынын айтады.

"Қазіргі нарықтағы алаяқтық схемаларды қарай отырып, біз  біз клиенттерді қорғау периметрін қамтамасыз етудегі барлық жауапкершілікті түсінеміз және егер ол бұзылса, жауап беруге дайынбыз. Алайда тәжірибеге сүйенсек, көп жағдайда клиенттер парольдер мен барлық жеке ақпаратты алаяқтарға өздері береді", - деді басқарма төрағасы.


Банк цифрлық трансформация жобасын әрі қарай жалғастырып, Өзбекстанда еншілес банкті ашуды қарастырып отыр. Биыл күзде елдің нарығында Еуразиялық банктің бөлімшелері ашыла бастайды.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы

Талқылау