AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңа Қазақстанға ескі қоқыспен": Семейде әлдекімдер облыс және қала әкімінің суреті бар плакаттарды қоқыс жәшігіне жапсырып кеткен

Семейде әлдекімдер "Жаңа Қазақстанға ескі қоқыспен!" деп жазылған және облыс әкімі Даниал Ахметов пен оның орынбасары, қала әкімі Бақытжан Байахметовтің суреті бейнеленген плакаттарды қаладағы қоқыс контейлеріне жапсырып кеткен. Тұрғындар соңғы кезде қаланың күл-қоқысқа толып, уақтылы тазаланбай жатқанына осылай назар аудармақ болғандай, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қоқыс жәшігіне парақшаларды жабыстырғандардың әсіресе қала әкімі Бақытжан Байахметовке ашулы екенін аңғаруға болады. Өйткені плакаттардың көбінде оның суреті мен қызметіне қатысты жағымсыз сөздер жазылған. Ерекше флэшмобтың видеосы әлеуметтік желіде жаппай тараған соң, әлдекімдер шенеуніктердің суреттерін контейнерлерден алып кеткен. Мұны көрген тұрғындар әкімдіктегілердің шашылып жатқан қоқысты емес, плакаттарды жинап әкеткеніне ашуланды.

Айта кетсек, осыған дейін де Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың суретін өскемендіктер ойық-шұңқыр жолдарға қойып челлендж бастаған болатын. Ал Семей қаласының әкімі суреттерді көргенін жасырмады. Бірақ өзі сұхбат беруден бас тартты.   

“Қайталап айтамын, бұл бейресми ақпараттар. Кімнің қай кезде, не мақсатта орналастырғаны белгісіз және тексеру барысында мұндай дүниелер табылған жоқ. Ол, мүмкін, арандатушылардың әдейі жасағаны ма, әзірге ақпарат белгісіз. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары аталған мәселе бойынша анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деді Семей қаласы ішкі  саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Олжас Соғымбай.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр