Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа инвестор АрселорМитталға кем дегенде 3 миллиард доллар салуы керек – Премьер-министр

“АрселорМитталдың" жаңа инвесторы кәсіпорынның тұрақты жұмысы үшін кемінде 3 миллард доллар салуы тиіс. Осылай деген премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан үкіметінің инвесторға қоятын негізгі талаптарын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына мемлекет бюджеті есебінен қаражат салынбайтынын айтты. Ал жаңа инвестордың кім екені жуық арада белгілі болатынын мәлімдеді. 

"Инвесторды да жақын арада білетін боласыздар. Негізгі талап ол жақын арада, яғни үш жылдың ішінде кем дегенде 3 миллиард доллар инвестиция салуы керек. Бірінші кезекте өндірістік қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етуі тиіс. Сосын зауыттағы барлық жабдықтарды жаңғырту, өндірісті кеңейту, әлеуметтік жағдайды сақтау, жалақыларды толығымен төлеуі керек”, – деді Смайылов мәжіліс кулуарында өткен брифингте. 

Үкімет басшысының айтуынша, компанияға келетін жаңа инвестор 1,3 миллиард долларды бірден салуы керек.

“Сондықтан бұл өте маңызды талап. Біз тартатын инвестордың осындай мүмкіндіктері болуы керек”, – деді премьер-министр.  

Еске салайық, апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. Қарағанды ​​облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншігін Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәміле қазірдің өзінде аяқталып жатқанын мәлімдеген

Айта кетейік, бұған дейін егер Лакшми Миттал кінәлі деп танылса, құқық қорғау органдары оны жауапқа тартуға құқылы екені айтылған.

Қазақстанда Лакшми Митталды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін петицияға қол жинау басталды.

31-қазанда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің соңғысының денесі табылғанын мәлімдеді.

Талқылау