AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %
AAPL
147.06 $
0.07 %
TSLA
714.63 $
0.52 %
NDAQ
188.68 $
-0.36 %
GOOGL
2725.03 $
0.83 %
FB
362.97 $
1.13 %
FRHC
64.34 $
0.89 %

Жаңа босанған Мөлдір Әуелбекованы перзентханадан шығарып алды

Мөлдір Әуелбекованы салтанатты түрде перзентханадан шығарып алды. Әнші қыз баланы өмірге әкелді. Есімін көпке жариялады.

Мөлдір Әуелбекова қыз баланы өмірге әкелді. Қызының есімін Айару деп қойды. 

Әнші 35 жасында екінші баласын өмірге әкеп, көппен қуанышын бөлісті. Коронавируспен ауырған Әуелбекова аурумен күресудің ауыр екенін айтып, той мен жиындардан бас тартқан еді.

“Аллаға шүкір, коронавирусты жеңіп ауруханадан үйге келдік. Дәрігерлердің еңбегін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Аллахым күш-қуат берсін. Жүрегімнің ішінде жүрек болғасын сізде оң нәтиже дегенде ковид🦠атауының өзі психологоиялық тұрғыда ауыр тиеді екен. Жақындарым мен Сіздердің қолдауларыңызбен еш мойымай, дер кезінде ем алып Алланың қалауымен сауығып шықтық. Бәрі жақсы, шүкір! Хәлімізді сұрап, уайымдап хабарласып жатқан жаны жайсаң шынайы жанашырларыма рақмет! Алла Сіздерге разы болсын тілеулестерім! Енді, бұйырса босанғанша ешқайда шықпай сабыр етіп, үйде отыруым керек. Қайта жұқтыру жылдамырақ әрі қауыптірек болады екен. Сақтанып жүріңіздер! Алла амандықта жүздесуді жазсын!”, – деп жазды әнші. 

“Қош келдің, Айару! 11.06.2021”, – деп жазды Әуелбекова желіде.

“Бойдақтар – үйленсін! Үйленгендер – үйлі болсын! Үйлі болғандар – үбірлі-шүбірлі болсын! Жұмыссыздар – жұмыс тапсын! Қыздар – ана болсын! Ұлдар – әке болсын!”, “Әмин деген адамның тілегі қабыл болсын!”, “Құтты болсын, бауы берік болсын”, “Мөлдір бөпеңнің бауы берік болсын!”, “Алла салих ұрпақтардан етсін”, “Бауы берік болып, қуаныштарың болсын. Менің де қызым Айару”, деп жазды желі қолданушылары. 

Кейбірі Айару есімінің соңғы жылдары көптеп қойылып жатқанын айтты. 

Айта кетейік, сүйінші жаңалықты әншінің әпкесі айтты. Қыз бала 11 маусым күні дүниеге келді.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр