Жаңа босанған қазақстандық әйел палатадағы көршілерін алдап кеткен
Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада палатадағы көршілерін алдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбе қаласының полиция басқармасы алаяқтық дерегіне қатысты екі адамнан арыз түскенін мәлімдеді. Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған, онда босанған әйелдердің бірі 5 миллион теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған.
“Қызметі” үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картаға аударыпты. Алайда уәде етілген несиені де, берген ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды.
Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”