Жаңа бейнебаян: Сүйіктісінен опасыздық көрген Асан Пердешов жұртты жылатты (видео)
Ақша, қымбат көлік, байлық… Қазіргі көп қыздардың қалауы осы. Қоғамда жігіттің жігіттігіне емес, қалтасына, жағдайына қарайтын қыздар көбейді. Бұл жайт әлеуметтік жағдайы төмен немесе орташа отбасынан шыққан, алайда намысты жігіттердің шамына тиеді. Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Асан Пердешовтің жаңа бейнебаяны осы тақырыпқа арналды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші жаңа клипті “Сені ұмытамын” әніне таспалаған. Асан жаңа туындысын байлыққа мастанған қыздарға арнады.
Бейнебаян желісі бойынша Асан сүйіктісімен бірге жолға шығады. Көлігі бұзылып, жарты жолда тоқтап қалады. Сол сәтте қалталы азамат келіп, Асанға қол ұшын созбақ болады.
Асан көлігін жөндеп жатқанда, сүйіктісі ақшасы көп азаматтың жетегінде кете барады.
Ал сюжеттің немен аяқталатынын білгіңіз келсе, бейнебаянды тамашалаңыз.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова: Келінім пейілі тар қазақ болғанша, ниеті таза өзге ұлттан болсын
Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)
Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын
Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)