Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа ауыл шаруашылық вице-министрі тағайындалды

Аманғали Бердалин ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкімет қаулысымен Бердалин Аманғали Бисенбайұлы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Аманғали Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Саратов мемлекеттік зоотехникалық ветеринариялық институтын, Гончаров атындағы Қазақ автокөлік-жол университетін бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы құрылысшы болып бастаған.

1989-1994 жылдары Ақтөбе облысында Г.Шевченко атындағы совхоздың аға, бас ветеринар дәрігері болып жұмыс істеді.

1994-2011 жылдары – "Қарабұтақ" ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, "Қарабұтақ" ЖШС директоры.

2011-2012 жылдары – Ақтөбе облыстық әкімнің орынбасарының міндетін атқарушы, Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары.

2012-2016 жылдары – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.

2016-2019 жылдары – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.

2019-2021 жылдары – Ақтөбе облыстық әкімінің орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан 2023 жылы қаңтарға дейін VII сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі болды.

Талқылау