Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңа адаммен жаңа өмір сүремін": Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығын жеткізді

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова баспаналы болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын жеткізіп, желіде видео жариялады.

"Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір", – деп жазды актриса бейнежазбада



Сондай-ақ кино жұлдызы қиын сәтте қолдау білдірген көпшілікке алғыс білдірді.

"Бір жыл бойы қатты қиналдым. Сіздер ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа куә болдыңыздар! Басыма келген сынағыма сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында ләм-мим демей өмір сүрдім. Күл-талқан болып қирап жатқан жерімнен жиналып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым, куә болдыңыз! Мені қолдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын! Тілектеріңіз өздеріңізге, ұрпақтарыңызға еселеніп бұйырсын, – дейді актриса.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған келініне көмектеспейтінін айтқан еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 10:59
Талқылау