Жан Ахмадиев “Темір қатын” туындысындағы әйелдің кім екенін айтты
Жан Ахмадиевтың “Темір қатын” туындысы шыққан кезде, жұрт бейнебаян тікелей Баян Есентаеваға арналған деп ойлады. Расымен де, бейнебаяндағы бойжеткеннің киім киісі мен шаш үлгісі продюсер ханымға ұқсайды. Алайда рэпер продюсерге тегін жарнама жасағысы келмейтінін айтып ақталды.
Бұл туралы рэпер Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
– «Темір қатын» туындысы Баян Есентаеваға арналған ба?
– Жалпы бұл нәрсе кімнің қалай қабылдайтындығымен байланысты. Көпшілік бейнебаяндағы қызды Баян Есентаеваға ұқсатып жатыр. Тука бір ретте шымкенттік әйелдердің осы бейнебаянға бола екіге бөлініп алғандарын айтып еді. Яғни бір тобы оны Баян Есентаеваға арналған деп ойлаған екен. Жоқ! Ол Баян ханымға арналмаған. Мен не себепті оған жарнама жасауым керек екен? Бірақ, Баянның өкілдері хабарласып, осы бейнебаянға қатысты шу көтеретіндерін айтқан болатын. Себебі, ішінде “Баянсыз бақыт” деген сөздер бар екен. Яғни олар екінші сөзді күйеуінің есімі деп қабылдап тұр. (Баянсыз бақыт, көрсетер уақыт. Тапты одан қазақ намысын.) Шыны керек, бұл әннің оған еш қатысы жоқ. Халық бар болғаны бейнебанымнан өзі қалаған адамды көріп отыр. Ол Баян Есентаева немесе көршісі, әпкесі немесе қарындасы, тіпті, анасы болуы мүмкін.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! Ал эксклюзивті материалдарды жарияланған уақыттан 24 сағат өткен кезде ғана алуға болады!
Жіберіп алмаңыз:
Жан Ахмадиев: BALA-ның «Қазақстанда әдемі қыздар жоқ» деп айтқаны рас. Дәлелдей аламын
Мәдина Сәдуақасова 3 жасқа толған ұлына патшаның киімін кигізді (фото, видео)
Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)
Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын