Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жан Ахмадиев: Өз елінде қаңғып жүрген жуас қазақтарға қарап, жүрегім шаншиды

Жан Амадиев өзінің ұлтжанды азамат екенін білдіріп, азаматтық көзқарасын білдірді. Ұлтшыл емеспін, бірақ қазақпын деген ол еліміздегі жағдай мен мәселелерге тоқталды.  

Мүгедектердің тойда өнер көрсетуіне қарсы болды: Жан Ахмадиевтың басы тағы дауға қалды

“Осыдан төрт жыл бұрын қажылыққа барған едім. Сол жақтағы арабтардың өмірімен танысып, таңғалғаным бар. Неге дейсіз ғой... Арабтарға барлық жағдай жасалған. Былайша айтқанда, тұрмыстары керемет. Олар ешқашан қара жұмысқа араласпайды (қара жұмысты индустар істейді екен). Дүкенде кезек күтпейді, араб келді ме, кезегіңді беруге міндеттісің. Оларға заң жүрмейді”, – деді Ахмадиев.

Өзін заманауи жырау деп таныстырған ол қазақ пен жұмыссыздық, күнкөріс мәселесін көтерді. Елде жағдай жасалмаған деп наразы. 

“Ал бізде қалай? Сұрақ... Сіз кондуктор, көше тазалап жүрген басқа ұлт өкілін көрдіңіз бе? Әрине, көрмейсіз. Сол жақта сорлы болып жүрген қарагөз қазақтарым ғой. Таңда жұмысқа шыққанда қолына күрек ұстап алып, жолдың жиегін тазалап жүрген аналарымызды көріп, көзіме жас келеді. Өтірік емес қой?! Мен нацист емеспін, десе де, өз елінде қаңғып жүрген жуас қазақтарға қарап, жүрегім шаншиды. Мемлекетіміздің атауы Қазақстан емес пе? Неге тек қазақ қиналу керек, айтыңдаршы? "Шетелден келген мамандар" деп қояды. Маған десе, аспаннан салбырап түссін. Олардың істегенін қазақ та істей алады. Мемлекеттік қызметтемін деп, өздерін "элита" санайтын адамдарды да көп көремін”, – деді ол. 



Ахмадиев қара халық ашынса, шыдамының шегі бітер деп топшылады. Әнші экономикасы мықты елдің алқы аш болмайды деді.

“Ей, сасық... үйді, көлікті әкең жинаған ақшаға алып па едің? Қара қазақтың арқасында күн көріп отырғаныңды ұмытпа! Бізге Сталиннің жүйесі керек сияқты. Атып-атып тастау керек. Көрейік элиталарды сонда. Жер де, пәтер де бірінші қазаққа берілуі керек! Экономикамыз мықты, 50 елдің қатарындамыз деп мақтанамыз ғой. Әй қайдам, халық аш. Күн көре алмай жүр ғой. Барына қанағат деп жүре береміз. Жуаспыз ғой. Бірақ шыдамның да шегі бар. Ертең еті қалған есек сияқты сүмірейіп қаласыңдар! Кеш болмай тұрып, жұртпен санасыңдар, әйтпесе қиын болады!” – дейді рэпер. 

Мөлдір Төлебай
Бейсенбі, 30 Желтоқсан, 2021 17:53
Талқылау