Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәмила Бақбергенова Испаниядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Испаниядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UWW

Жақында ғана Венгрияда өткен рейтингілік турнирде топ жарған Жәмила Бақбергенова Испанияның Мадрид қаласында өткен Гран-при турнирінде сынға түсті. 72 келіде белдескен балуанымыз финалда америкалық Кайл Уолкермен белдесіп, 0:5 есебімен ұтылып қалды. Осылайша Бақбергенова Гран-при турнирдің күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ Эльмира Сыздықова 76 келіде, Ирина Казюлина 65 келіде күміс жүлдеге қол жеткізді.


Қазақстандық балуанға Париж олимпиадасының жолдамасы тарту етілді


Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасында Париж олимпиадасына 8 жолдама бар. Соның төртеуін “классиктер” иеленсе, төртеуін еркін күрес шеберлері жеңіп алған. 

Талқылау