Жәмилә Бақбергенова халықаралық рейтингтік турнирде топ жарды

Күрес түрлерінен Албанияда өткен рейтингтік турнирде әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова алтын жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
72 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жарыс жолында Польша және Үндістан балуандарын, сондай-ақ Түркияның үкілеген үміті Бусе Тосунды тізе бүктірді.
Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионатында Жәмилә дәл осы Бусе Тосунға есе жіберген еді. Бұл жолы қазақстандық спортшы қарымта қайтарды.
Отандасымыз алтын жүлде үшін белдесуде қырғызстандық Нұрзат Нұртаеваны 14:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Бұған дейін осы турнирде 50 келіде Зейнеп Баянова және 55 келіде Лаура Алмағанбетова алтын медаль жеңіп алған.
Еске салсақ, Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының төрт дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионатында төрт рет топ жарған тәжірибелі балуан.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік