Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова Албаниядағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UWW
Париж олимпиадасына жолдама ала алмаған Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтетін әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Олимпиадалық емес салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз 72 келіде бақ сынап, молдовалық және чехиялық балуаннан басым түсті. Енді жартылай финалда маңгол балуаны Болортунгалаг Зоригтке қарсы күреседі.
Айта кетейік, қалған балуандарымыз 55 келідегі Зульфия Яхьярова, 59 келідегі Диана Каюмова және 65 келідегі Ирина Казюлина алғашқы белдесулерінде жеңіліп қалды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді