Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылдық ата-ана: Дәрігердің кесірінен ұлымның екі бүйрегі де істемей мүгедек болып қалды

Дәрігердің салғырттығынан баламыз мүгедек болып қалды деген жамбылдық ата-ана әділдік іздеп жүр. Қос бүйрегі бірдей жарамсыз болған ұлдарына өздері донор болғысы келеді, бірақ қаржылық шығындар қолбайлау екен.

Алматыдағы Ақсай балалар клиникасына ауыр халде жеткізілген науқас баланы тараздық дәрігерлер алғашында сырқаты жоқ деп шығарып салыпты, деп хабарлайды 31 арна. 

13 жастағы Ринаттың ауруханада жатқанына 7 айдан асыпты. Екі бүйрегі де жарамсыз. Күн ара гемодиализ емін қабылдайды. 2017 жылдың тамыз айында клиникаға түскендегі жағдайы өте ауыр еді дейді емдеуші дәрігері. Науқас балаға тек бүйрек алмастыру отасы керек.

“Терминальды бүйрек жетіспеушілігі. Қазіргі таңда жағдайы ауыр, тұрақты. Бала қазір бүйрек алмастыру терапиясын алып жатыр”, – дейді нефрология бөлімінің дәрігері Зейнет Жұмағұлова.

Ринаттың ата-анасы жеті айдан бері қызметін, үй-жайын тастап, аурухананы жағалап жүр. Мұндай күйге түскендеріне ұлдарын алғаш тексерген тараздық дәрігерді айыптайды.

“Областной детский больница 13-микрорайонға бардық. Сол жерде нефролог Дәуірбаева Зейнеп Шахабалиновнаға приемға кірдік. 24 шілдеде. Ол кісі бізді немқұрайлы қабылдады. Бізге без патологии деп жазып берді. Соның себебінен 1 айдан кейін реанимацияға түстік екі бүйрегі бірдей отказ беріп”, – дейді Ринаттың анасы Салтанат Байділдаева.

“Выговор береді, болды деді. Қалай сонда, заң қайда қалды? Жазалансын, қашанғы осылай қарапайым адамдар зардап шеге береді. Білгенін істеп”, – дейді әкесі.

Ашынған ата-ана құзырлы орындарға да шағымданыпты. Түрлі тексерулерге де өтініш берген. Сот сараптамалық қорытындыда Ринатты қабылдаған дәрігердің нефролог емес екені жазылған. Бірақ дәрігердің ісінен қателік таппаған. Ал Зейнеп Дәуірбаева денсаулығына байланысты қызмет орнында жоқ екен. Телефон арқылы науқас баланы қабылдағанын мойындады.

“Қазір сөйлесе алмаймын сізбен. Бір жерде отыр едім. Приемда. Қабылдағаны рас, оны теріске шығармаймын”, – дейді Жамбыл облыстық балалар ауруханасының дәрігері Зейнеп Дәуірбаева.

Ринатқа анасы бір бүйрегін беруге дайын. Алайда ағза алмастыру отасы балаға тегін болғанымен донордың шығындары 1 миллион теңгеге жуық екен. Енді олар жақын күндері Астана қаласына аттанбақ.

Тағы оқыңыз:

Тараздық келіншек шетінеп кеткен сәбиінің өліміне дәрігерлерді кіналап отыр

Қарағандыда көлік жүргізушісі жүкті келіншекті қағып өлтіріп, қашып кетті

11 жасымда анам қайтыс болды: «Қазақстан аруы» қатысушысының әңгімесі елді жылатты

Талқылау