Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жасымда анам қайтыс болды: «Қазақстан аруы» қатысушысының әңгімесі елді жылатты

«Маңғыстау аруы-2017» Аяжан Сакиева өзінің сұлулық байқауына қатысу себебін айтты. Бойжеткен байқауда Маңғыстаудың намысын қорғайды.

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

«Менің байқауға қатысуымның өзіндік себебі бар. Оған анамның арманы себеп. 2012 жыл мені үшін өте ауыр кезең болды. Осы жылы күз айында анамнан айырылдым. 11 жасымда анам ауырды. Бір күні маған қарап отырып: «Қымбаттым, сені мен жетпеген арманға жетсе екен деймін, мен армандаған мақсатқа сен жетуге тырыс. Арманың орындалған күні мені еске ал» деді. Мен оның қандай арман екенін сұрадым.

«Сен менің жалғызымсың. Сен үйге келген адамның туфлиін киіп көретін едің. Үлкен болғандықтан саған ол туфлилер тура келмеді. Мен саған  лайықты туфли сатып алып бере алмадым. Алып бере алам ба, білмеймін» деді анам.

«Мен ол кезде анамның не жайлы айтқанын түсінбедім. Анамнан айырылған соң тез есейдім. Айтқанын кейін түсіндім. Содан бастап анамның арманы менің арманыма айналды. Бәрінің оңай екенін көрсетіп, өзімді дәлелдегім келді. Бастысы тек туфли киіп, сахнаға шығу емес, еңбек етіп адам болу. Білім алып, отбасын құру. Жұмыс істеу, қалаған елге саяхаттау», – деді Аяжан.

Аяжан мемлекеттің қолдауымен Азия мен Европа елдерінде болып қайқан. Енді Қытай мен Америкаға барғысы келеді. Ол барлығын анасы үшін жасайтынын айтады.

Тағы оқыңыз:

Алматыда жалаңаштанған ер адам көшедегі көліктерге жол бермей, қиратпақ болды (видео)

53 жастағы такси жүргізушісі көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлап тастаған

Кей аймақта қар жауады: Синоптиктер сәуір айының алғашқы күндеріне болжам жасады

Талқылау