Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалаңаштанған ер адам көшедегі көліктерге жол бермей, қиратпақ болды (видео)

Алматыда полицейлер жолда өтіп жатқан көліктерге шабуылдамақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Мақатаев көшесінің қиылысында болды. 1974 жылғы ер адамды полицейлер ұстап әкетті, деп хабарлайды Sputnik.

«Ол өте мас күйде болды. Оның психологиялық жай-күйін тексеруіне байланысты шаралар қабылданады», – деді қалалық ІІД.

Желіде тараған видеодан тек іш киіммен жүрген ер адамның жол бойына шығып алып, көліктерге тап бергені байқалады.

Ол көліктің бірінің терезесін шақпақ болды. Өзге көліктерге де тұра ұмтылды.  Жүргізушінің бірі көлігінен түсіп, ер адамды жұдырығымен бір ұрды. Мас ер адам арыққа құлап кетті.

ІІД мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушылары полиция бөліміне жеткізілді. Оларға құқықтық баға берілетін болады.

Тағы оқыңыз:

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауында әділқазы болмақ

Ол негізі былай болды: “Жезөкшелерді” қамшымен сабаған Жан Ахмадиев өз әрекетін түсіндірді

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

Талқылау