Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауында әділқазы болмақ

Әнші Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауының әділ қазылар алқасының құрамына енетін болды.

Бұл туралы ол Инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.

«Бұл байқау менің өмірімде өте маңызды рөл атқарды. Халықаралық бірнеше байқауда топ жарып, әртүрлі концерттерге, Қазақстан мен шетелдегі бірқатар ТВ жобаларға қатысқаннан кейін, «Славян базарында» жеңіс тұғырына көтерілдім. Дәл сол Беларусьте өзімді танымал әнші ретінде сезінген едім. Мен осы байқауды үлкен сахнаға жол ашып, өз елімнің мәдениетін паш етуге мүмкіндік бергені үшін қатты жақсы көремін. Осы жылы мен «Славян базарына» мейман әрі қазылар алқасының мүшесі ретінде барамын. Барлық dears-ты менімен бірге сол байқауға барып қайтуға шақырамын. Көріскенше, Беларусь! See you in July. See you dears in Belarus», – деп жазды Инстаграмдағы парақшасында әнші.

Димаш Құдайберген 2015 жылы Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән байқауында бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанған болатын.

Тағы оқыңыз:

Ол негізі былай болды: “Жезөкшелерді” қамшымен сабаған Жан Ахмадиев өз әрекетін түсіндірді

Еркек емес, ол есек: Айсәуле Бақытбек жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперді байғұс деп атады

 

53 жастағы такси жүргізушісі көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлап тастаған

Талқылау