Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының жерін Қарағанды облысына беру ұсынылды

ҚР парламент сенатының депутаты Серік Ақылбай Жамбыл облысының 500 гектардан астам жерін Қарағанды облысына беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

img_1418

 

«Осы депутаттық сауалмен жүгінудің себебі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында жердің бір бөлігін Қарағанды облысының Приозерск қаласына беру туралы мәселеге қатысты. Өздеріңіз білетіндей, Приозерск қаласы Балқаш көлінің жағасында, Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. 1956 жылы салынған қаланың оңтүстік шекарасы оңтүстік ендігінің 46-шы паралелінен өтеді. Сондықтан қаланың маңайы екі облыстың қарамағына қарайды. Аталған шекара 1932 жылы автоматты түрде жүргізіліп, бүгінгі күннің әлеуметтік-экономикалық талабына сай емес екендігіне себептер жетерлік»,-деді ол Сенаттың жалпы отырысы барысында.

Жүргізілген шекара Приозерск қаласының маңында орналасқан көптеген нысандарды екі облыстың әкімдіктерінің қарамағына қаратты. Мұндай әкімшілік бөлу екі облыстың азаматтарына, кәсіпкерлері мен мемлекеттік органдарына күнделікті өмірде көптеген қиыншылықтар тудыруда.

«2015 жылы Балқаш көлінің жағасында емдеу-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Ең қызығы, екі облыс аралығынан өтіп жатқан шекараның ыңғайсыздығынан шипажай 360 шақырым қашықтықта орналасқан Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының құзырына қарасты»,-деп тоқталды сенатор. Оның сөзінше, осы аталған шипажай ғана емес, сонымен қатар Приозерск қаласына қарасты басқа да нысандар Жамбыл облысы аумағына кіріп отыр.

«Аталған мәселеден туындайтын проблемалар көп. Приозерск қаласының маңында тұратын Мойынқұм ауданының тұрғындарына және кәсіпкерлеріне қажетті рұқсат беруші құжаттарды рәсімдеу үшін 360 шақырым қашықтықта орналасқан Мойынқұм аудандық орталығына бір емес, бірнеше баруға тура келеді. Мемлекеттік органдарымыз үшін салық төлеу кезінде төлемдерді бөлуде қиындықтарды тудырады. Сондай-ақ Мойынқұм ауданының жерлерін пайдалану үшін жалға алу төлемдері бойынша қосымша шығындарға алып келіп соқтырады. Көрсетілген мәселелерді шешу үшін 527,3 гектар жер телімін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданынан Қарағанды облысының Приозерск қаласына беру ұсынылады»,-деді Ақылбай.

Жіберіп алмаңыз:

Спикер Серік Сәпиевке мәжілісті рингпен шатастырмау керектігін ескертті

Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады

Конституцияның атышулы 26-бабы өзгеріссіз қалатын болды

Талқылау