Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының тұрғыны дәрігер салған екпеден соң белінен төмен сал болып қалғанын айтты

Жамбыл облысында ауруханаға сау боп барып, сал боп қайттым деген Динара Құлманбетова дәрігердің емінен кейін аяқтары жансызданып, жүруді қойып, тұра алмай қалған.

nz1.ru_14851811432

 

Бұл туралы 31 арна хбарлайды.

Айтуынша, дәрігер тамырын таба алмай, денесін он жеті жерден піскілеп тастаған. Және ісіне салғырт қызметкер, басқа дәріні шатастырып салып жіберген дейді.

Қызының жарымжан күйі жанына батқан ана еріксіз көз жасын көл етеді. Белден төмен жансыз қалған Динара болса, дәл дәрігер салған екпеден соң төсек тартып қалдым дейді.

«Қазір аяқ-қолым істемейді. Тамақты да өзім іше алмаймын. Әжетханаға да өзім бара алмаймын. Осылай жатам, отызынан бастап жиырма күн болды. Бір уколдан осындай болып тұр ғой. Арыз түсірдік ол кісінің үстіне», – дейді Аса ауылының тұрғыны Динара Құлманбетова.

Осылайша дәрігер адам тағдырын ойыншыққа айналдырды деген науқас аудандық аурухананың ақ халаттыларын айыптайды. Мынау сол күнгі жағдай. Дәрігерлер тамырды таппай, кеудесінің он жеті жерін тескілеп тастаған, дейді.

«Жансақтау бөлімінің дәрігері сондай кезде арақ ішіп жүре ме? Көңілім қалды дәрігерден. Қызымның тағдырымен ойнады ғой бұлар…», – деп налыды науқастың анасы Роза Қошманова.

Екпеден-ақ өзін жайсыз сезінген Динара дәрігерлерге жағдайын түсіндірген. Айтуынша, мамандар мән бермепті. Сөзінше, жансақтау бөлімінен бірден үйіне жеткізіп кете барған көрінеді. Ал аурухана басшылығы дел-сал күйде қалған Динараның диагнозы екпеден емес, өзінің дертінен дейді.

«Ол уколдан ондай нәрсе болмайды. Айына қазір выпискасын көрсеңіздер жедел-жәрдемді қанша рет шақырады. Күніне он рет шақыратын қыз. Өйткені ол қыз тұра алмайды. «Тарсионная дистания» деген оның қол-аяғы төрт бұрышты болып қалады. «Судорога» жібермейінше кетпейді, – дейді Жамбыл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Сәуле Сұлтанова.

Онсыз да дәрігерлерге деген сенімі сөнген науқас бұл жағдайға облыс басшылары бей-жай қарамаса екен деп тілейді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда паркингте ер адамды аяғынан атып кетті

Қостанай облысында ер адам екі әйел мен 14 жастағы қызды зорлап тастамақшы болды

Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша жаңа күдіктілер пайда болды (видео)

Оңтүстіктің тұрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр

 

Талқылау