Жамбыл облысының әкімі чемпиондарға ақша мен үйді аямай үлестірді (фото)
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев әлем чемпионаттарының және “Универсиада-2017” жазғы ойындарының жүлдегерлері мен бапкерлерін қабылдады.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әкімнің қабылдауына бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, “Универсиада-2017” жазғы ойындарының қола жүлдегері Бекәділ Шәймерденов, бапкер Нұрлан Ақүрпеков, сондай-ақ көкпардан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен құрама бапкері Нұрдәулет Момынов шақырылған.
“Сіздердің спорттық жетістіктеріңіз – ұлттық мақтаныш және еліміз үшін үлкен қуаныш. Сіздердің біздің облысты, біздің елді әлемге таныттыңыздар. Жеңістеріңізбен құттықтаймын. Өңірімізде спорттың дамуы, оның әлемдік аренаға дейін жоғарылауы сіздердің еңбектеріңіздің арқасы”, – деді облыс әкімі.
Көкірекбаев елбасы тапсырмасы бойынша аймақта спортпен айналысушылардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Бұқаралық спортпен айналысушылар бұл күнде 28,4 пайызға жеткен.
Әлемдік аренада жеткен жетістігі үшін әкім боксшы Әбілхан Аманқұлға екі бөлмелі үйдің кілтін табыс етті. Өзге де спортшылар мен бапкерлер әкім қолынан ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық спортшы қол күрестен әлем чемпионы атанды
Головкин жекпе-жекке әйелі мен ұлының неге келмейтінін түсіндірді
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан шеттетілді
Әлем чемпионының анасы: Төреші Қайратымның қолын көтергенде, төбем көкке екі елі жетпей қалды