Жамбыл облысының әкімі ағылшыншаны жетік меңгергенін паш етті
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев талантты оқушылармен кездесу кезінде өзінің ағылшын тілін білетіндігін көрсетті.
Бұл туралы Zhambylnews хабарлайды.
2016-2017 оқу жылында жоғарғы жетістіктерге жеткен 85 бала облыстық әкімдікке шақырылған. Олардың арасында әкіммен ағылшынша сөйлескендер де болыпты.
Мысалы, №3 Крупской атындағы мектептің оқушысы Алмас Қайсар болашақта шетелде білім алғысы келеді.
“Thank your, but don’t forget about ancient Taraz (Рахмет, бірақ ескі Тараз туралы ешқашан ұмытпа)”, – деді Көкірекбаев оған.
Сондай-ақ, балалар әкіммен мамандық таңдау туралы да пікірлесті. “Дарын” мектеп-интернатының оқушысы Ерболат Жұмабек әлі не заңгер, не археолог боларын шеше алмай жүр.
“Мен археолог бол деп кеңес берер едім. Бұл мамандықтың Қазақстанда болашағы өте зор”, – деді әкім.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев Грузия президентіне тың ұсыныс жасады
Бас полицей Қасымов «Қашқын министрлердің» жарысында бірінші орын алды