Төтенше жағдай: Жамбыл облысында қар көшкіні жүріп, 7 сарбаз қаза тапты
Жамбыл облысында қазақстандық әскерилер жаттығу жүріп жатқан маңда қар көшкіні жүрді. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.
Фото: Sputnik
“91678 әскери бөлімінің жауынгерлері әскери дайындықтарын пысықтап жатқан Жамбыл облысы, Көксай сайы аумағында қар көшкіні жүрді”, – деп хабарлаған еді министрлік.
Жамбыл облысында қар басып қалған аймақтан 17 адам табылды. Олардың оншақтысын дәрігерлер тексеріп жатыр.
Ал көшкін болған орыннан 7 жауынгердің денесі табылды. Олар әскери оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан.
“17 адам табылды. Олардың оны тірі қалған. Жеті адам қаза тапты. Қалғандарын іздестіріп жатыр”, – деп хабарлады төтенше жағдай департаменті.
17 ақпан күні 13:15-те Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөліміне хабар келіп түседі. Онда Жамбыл облысы, Жуалы ауданынан 35-40 шақырым қашықтықтағы “Көксай” сайында қар көшкіні жүргені айтылған. Ол жерде 91678 әскери бөлімінің сарбаздары жаттығу жиынында жүрген еді.
“Дереу оқиға орынына құтқару бөлімдері жіберілді: 75 адам және жеті техника бірлігі. Ол жердің қаладан қашықтығы 11 шақырым. Сондай-ақ, оқиға орынында 60 әскери қызметкер іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр”, – деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Қазіргі таңда ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы жедел штаб құрып іске кіріскен.
Оқи отырыңыз:
Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған
Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді