Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында байдың малын баққан азамат аязда қалып, аяқ-қолының саусағынан айырылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданынды байшыкештіңмалы бағам деп жалданға ер адам мүгедектік күйге түсті. Ол осындай жағдайға тап болғанына иесін кінәлайды.

Бұл туралы “Дау-дамайсыз” бағдарламасына айтылды.

Асубай Майбасов Алматыда өмірге келді. Жастайынан жетім өскен. Леңгірдегі мектеп-интернатта оқыды. Кейін Шымкент базарын аралап, жалданып жұмыс істеді. Жақында Жамбыл облысында Жуалы аудандағы бір байдың малын бағуға жалданған. 300 мыңнан аса қойды бағу үшін 25 мың теңге алуға келісіпті.

Аязды күні мал баққан Асубай аязды күні далда қалды.

“Аяқ астынан бора соғып, күн суытып кетті. Көзілдірігімнен ештеңе көрінбей кетті. Бір ықстасынға келіп аялдадым. Телефон байланысы ұстамайды. Оның үстіне бірлік те жоқ. Жұмыс беруші бірлік құям, киім берем деген. Ештеңе берген жоқ. Киімім, жыртық аяқ киімім бар еді. Бәрі су болды. Күн қарайғанша жаттым. Аяқ-қолымның істемей қалғанын байқадым. Өлетін шығармын деп жыладым. Түннің бір уағында жел басылды. Сол кезде ғана алыстан бір ауылдың жарығын байқадым. Екінші тынысым ашылғандай болды. Қалайда сол жерге жетуім керек деп ойладым. Жер бауырлап жүрдім, аяқ-қолыммен сүйретіліп, ақыры жеттім. Ең бірінші үйге барып жығылдым. Оған дейін мені іздеген ешкім болмады. Жұмыс берушім де іздеп келмеді”, – дейді Асубайдың өзі.

Ал, жұмыс беруші Нұрғиса Сұрамысов сол күні өзінің қалада болғанынайтып ақталды. Дижп мінген ол өзінің кінәлі екенін мойындады.

“Мен Асубайды әдейі осындай күйге түссін деген жоқпын. Адамды 4-5 сағатта табуға болады. Жел соққан сайын құтқарушыларға хабарласа алмаймыз ғой. Ол кезде қалада едім. Кінәлі екенімді түсініп тұрмын”, – дейді Нұрғиса Сұрамысов.

Асубай жедел жәрдеммен жеткізілгенде өзінің жалданып мал бағып, біреудің жұмысы үшін үсікте қалғанын дәрігерлерге айтпаған. Сол себепті дәрігерлер қылмыстық іс құрамын көрмегендіктен полицияға хабар бермедік деп отыр.

“Мен оларға айтсам да, ешқандай нәтиже шықпайты еді. Сондықтан айтпадым”, – дейді Асубай.

Дәрігерлер Асубай Майбасовқа екінші, үшінші, төртінші дәрежелі үсік диагнозын қойған. Оң аяғының барлық саусағын, сол қолының барлық саусағын, оң қолының екі саусағын кескен.

Асубай тілшілердің көмегімен полицияға Нұрғиса Сұрамысовтың атына арыз жазды. Өзі құжаттары рәсімделгенше, бейімдеу орталығына орналастырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр