Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кеткен ана ұсталды

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында орналасқан дәретханаға сәбиін туып тастап кеткен ана ұсталды.

photo_174878

Бұл туралы аймақтық ІІБ хабарлайды.

 Жаңа туған сәбиді өлтірмек болды деген күдікпен ұсталған әйел 21 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны болып шықты. Тергеу туралы басқа мәліметтер қазірше хабарланбайды.

Орын алған қылмыс туралы ақпарат БАҚ өкілдеріне зерттеуден кейін беріледі.

Бұрын хабарлағандай, Алматы-Ташкент автотрассасының бойында орналасқан дәретханадан жаңа туылған нәресте тірі күйінде табылған болатын.

Нәрестені шұңқырдан шығару үшін құтқарушыларға бетон еденді бұзуға тура келген. Жас сәби жылауға шамасы келмей, әрең қозғалып жатқан. Еденге жағылған қызыл қанға қарап, баланың әжетханада туылғанын болжауға болады. Нәресте Луговой ауданының орталық ауруханасында ем алып жатты.

Сәбиге тумай жатып, осынша қорлық көрсеткен көкек ананы табу үшін ІІБ бар күшін жұмылдырған болатын.

Талқылау