AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда биыл 11 жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында биыл 11 жаңа мектеп пайдалануға беріледі, оның сегізі бірінші қыркүйекке дейін ашылады. Бұл туралы "Білімді ұлт – мемлекет дамуының тұрақты кепілі" атты дәстүрлі облыстық тамыз кеңесінде айтылды.

Сапарбаев

Кеңесті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ашып, жүргізіп отырды. Аймақ басшысы саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын атап өтіп, өзекті мәселелерід ашып айтты.

Облыстық  білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов өз баяндамасында оң көрсеткіштерге тоқталды.

Білім жүйесіндегі танымал сарапшылардың зерттеуімен бағаланатын TIMSS, PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелері бойынша Жамбыл облысының оқушылары республикада көш бастап тұр. Биылғы жылы ҰБТ көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 12,1 баллға жоғарылап, орташа балл 83,2-ні құрады.

Облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызды құрайды. Балаларды балабақшамен қамту үлесін арттыру үшін жекеменшік балабақша ашу жұмыстарын жалғастыру қажет.

Биыл 1 апатты, 2 үш ауысымды, 2 оқушы орны тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептердің мәселесі шешілмек. Сондай-ақ, осы жылы 16 білім нысанында күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілуде, олардың 11-і бірінші қыркүйекке дейін аяқталады.

“Құрылыс, білім басқармалары күрделі жөндеу жұмыстарына тартылған жұмысшылардың санын көбейтіп, 2 ауысымда жұмыс істеуді қарастырулары қажет.  Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері жергілікті жердегі жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімділігін бақылауы тиіс. Тағы бір назар аударатын өзекті мәселе – білім нысандарының қазандықтарын білім басқармасының құзырынан аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізу. Аудан әкімдеріне білім нысандарының құжаттарын дайындауды тездетіп, 10 қыркүйекке  дейін қазандықтарды әкімдіктердің теңгеріміне алуды тапсырамын”, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы, мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау камералары толығын орнатылғанын тілге тиек етіп,  турникеттер, дабыл түймесін орнату жұмыстарын жеделдетуді міндеттеді. Мектептерде мамандандырылған күзет мәселесін ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуы, ішкі істер органдары жанындағы жедел әрекет ету штабымен біріктірілген бейнебақылау жүйесін орнату жұмысын аяқтауды жүктеді.

Биылғы оқу жылында Жамбыл ауданында 700 баланы қамтитын "Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығы"  пайдалануға берілсе, Тараз, Шу қалаларында  жыл аяғына дейін "Оқушылар сарайлары" ашылады.

Сондай-ақ, облыстың барлық мектептерінде "Tulek.kz" сайты іске қосылғанын, "Жомарт түлек" форумы ұйымдастырылып, олар барлық аудандық деңгейде де жалғасын тапты.  Түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында "Түлектер орталықтары" ашылды.

“Түлектердің демеушілігімен жылдың аяғына дейін құны 2,7 млрд. теңге болатын 67 жоба іске асырылады. Білім басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне "Жомарт түлек" жобасының идеяларын әрі қарай кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыруды тапсырамын”, – деді Сапарбаев.

Сапарбеав

Облыс басшысы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу тәжірибесін басқа мектептерге енгізу жобасын тезірек жүзеге асыруды тапсырды.

Сонымен қатар Бердібек Машбекұлы жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студенттерді өздерінің ауылдарына жіберу арқылы да маман тапшылығын шешуге болатынын ескертті.

“Президенттің тапсырмасына сәйкес жыл сайын педагогтардың жалақысы 25 пайызға өсуде. Қазіргі таңда облыс ұстаздарының орта жалақысы 200 мың теңгені құрайды. Облысымызда тұңғыш рет педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін" деген құрметті атақ берілетін болады.

Сіздердің жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы абыройлы қызметтеріңізге өз алғысымды білдіреміз”, – деп түйіндеді Б. Сапарбаев.

Жиын соңында "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты Тараз қаласының №8 гимназиясына 34 миллион теңгенің сертификатын табысталса, "Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау" рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке жеткен төрт мектеп пен бір колледж 1 миллион теңгенің сертификатына ие болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр