Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза болғандардың саны бес адамға жетті
Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан тағы бір әскеридің көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаза тапқан әскери қызметші – өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылғы Еркін Нәдірбеков.
"Ол инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндіру жұмысын басқарған. Жарылыстан кейін оқиға орнында өрт сөндіру кезінде көз жұмды. 27 тамыз күні жоғалғандар қатарына енген әскери қызметшілер арасында болған", – деп мәлімдеді ведомство.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Министрлік оның отбасына қажетті көмек көрсетуге уәде етті.
Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Жарылыс салдарынан 88 адам зардап шегіп, 4 әскери қаза тапты. 6 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
