AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жезөкше бала босанып, оны бейтаныс адамдарға берген: Асырап алған отбасыдан баланы тартып алуы мүмкін

Жамбыл облысында әйел баласын бейтаныс адамдарға беріп кеткен. Бұл дерек "Стоп-трафик" жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары 22 жастағы әйелді ұстады. Ол 2018 жылы дүниеге сәби әкеліп, оны басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берген.

Жағдай полицейлер  притондарда ұсталған жезөкшелердің құжаттарын тексерген кезде анықталған. Ұсталған азаматша полиция учаскесінде кінәсін мойындады. Ол баласын асырап алғаны отбасыны таныстары арқылы тапқанын айтты. Бұл ретте әйел бала үшін ақша алмағанын мәлімдеді. Соған қарамастан оған тоғыз жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. 

Сондай-ақ, тергеу аяқталғаннан кейін үш жасар қызды асырап алған отбасынан алып кетуі мүмкін. 

“22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол 2018 жылы бала туып, оны үшінші тұлғаға басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы, 1-бөлігі "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады”, – деді Жамбыл облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкері Ильхом Салахотдинов.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр