Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының шенеуніктері қызметтік пәтерлерін жалға беріп келген

Жамбыл облысында шенеуніктер қызметтік пәтерлерін жалға беріп келген. Уақытша берілген баспаналарға ай сайын адам кіргізіп, қосымша табыс тауып отырыпты. Тіпті, мемлекет меншігін өз атына аударып алған азаматтар да бар боп шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қызметкерлерге берілетін пәтерлерде шенеуніктер емес, баспанасы жоқ, жалға алған азаматтар тұрып жатыр. 

Мамандар мақсатсыз пайдалынып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді анықтау мақсатында тексеріс жүргізіп, бірқатар заңсыздықтың бетін ашқан. Бірінің үйі бірнеше жылдан бері қаңырап тұрса, бірінің пәтерінде жалға алғандар тұрып жатыр. Тіпті, мемлекет меншігін жекешелендіріп алғандар да бар екен. 

"Кейбір жағдайларда ол пәтерді басқа адамдарға өткізіп қоюы ықтимал деген болжамды айтып жатты, сатып жіберуі де мүмкін. Өзім 13 пәтерге бардым. олардың ешқайсысында тізімдегі адамдар болған жоқ", - деді "Жамбыл - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Назима Жұбандықова.

Тексеріс барысында қызмет бабымен өзге өңірге ауысқан мамандардың үйлері әлі күнге дейін ТКШ мекемесінен тіркеуден алынбағаны анықталған. Мамандар бұл жауапты тұлғалардың қызметке салғырт қарауының салдары деп отыр. 

Айтуларынша, тек мемлекеттік қызметкерге арналған үйлерді облыстық филармонияның мамандарының тұрып жатқаны түсініксіз. 

"Тек мемлекеттік қызметкерлерге беріледі. Одан бөлек бізд арнай мемлекеттік қызметтер бар, ол ҰҚК, ІІД деген сияқты", - дейді Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев.

Қызметтік пәтерді заңсыз пайдаланып жүргендердің қатарында құқық қорғау саласының мамандары де жетерлік. Қазір бұл деректерге қатысты жауаптыларға ескерту жасалған. 

Айта кетейік, облыс орталығында дәл осында 108 үй бар, оның 48-і родациялық, ал қалғандарын жұмыс өтілімен сатып алуға болады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2020 16:54
Талқылау