Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының полиция басшысы қарамағындағылардың заң бұзушылықтарына байланысты отставкаға кетпек

МайлыбаевФото: Ішкі істер министрлігі

Полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың өтінішін арнайы комиссия қарайды. Осы ақпаратты мәжіліс отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, заңсыздық болғанда басшы міндетті түрде отставкаға өтініш беруге тиіс.

"Біз әскери тәртіппен жұмыс істейміз, құқық қорғау органымыз, шеніміз бар. Сондықтан біздің жарғыда бәрі анық көрсетілген. Оның қарамағындағы қызметкерлер тарапынан заң бұзушылықтар болғаны рас. Заң бойынша ол осы құқығын пайдаланып, рапорт тапсырды. Енді комиссия бұл мәселені қарайды", – деді Сәденов.

Айта кетейік, Қазақстанда бұған дейін егер мемлекеттік органның немесе әкімдіктің қоластындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық немесе өзге де қылмыс үшін ұсталған жағдайда, олардың тікелей басшылары министрлер мен әкімдер отставкаға кетуге міндетті. Бұл норманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң жүзінде бекіткен еді.


Мәжіліс депутаты Бағанашылдағы дауға қатысты Алматы облысы әкімінің қызметтен кетуін талап етті


"Істеген ісіңе жауап бер": Бішкектің вице-мэрін халықтың көзінше ұстап әкетті


Еске салайық, бұған дейін Моңғолия премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ ұлының сән-салтанатты өмірі қоғамда үлкен наразылық туғызған соң парламент сенімін жоғалтып, отставкаға кетті. Ол 2021 жылдан бері қызмет атқарған. Соңғы сөзінде экономикалық жетістіктерін атап өтсе де, әлеуметтік мәселелерге жеткілікті көңіл бөлмегенін мойындады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 15:01
Талқылау