Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының екі ауданында ірі қара малдан құтыру ауруы анықталды

Жамбыл облысында құтыру аурының екі ошағы анықталды. Бірі Шу ауданында, екіншісі Тұрар Рысқұловта тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі АПК Новости-ға сілтеме жасап. 

Фото: АПК Новости

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың сөзінше биыл 4 ай ішінде өңірдегі барлық ірі қара мал қауіпті аурулар бойынша толық тексерілген. 

Қаңтар-мамыр айларында жануарлардан қан сынамалары алынды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша 310 бас ауру мал анықталды. Оның ішінде 100 бас ірі қара және 210 бас уақ мал. Барлық ауру ауылшаруашылық малдары штамптауға жіберілді, алдағы уақытта өлекселер өңделетін болады, - дейді ол. 

Сондай-ақ облыста 2 құтыру ошағы анықталған. Оның бірі Шу, екіншісі Т.Рысқұлов ауданы. Мамандар қауіпті дертті жою жұмыстарын шұғыл түрде жүргізген. 

Өңірде “Конго-Қырым” геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтық аймағына кіретін 33 ауылда ауыл тұрғындарының аулаларын, сарайларын, сондай-ақ жарты миллионға жуық мал басын дезинфекциялау бойынша манипуляциялар жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта дезинфекцияға дайындықтар сатып алынды.

Олжас Нұржақып
Жұма, 19 Мамыр, 2023 12:32
Талқылау