AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласын дамыту жоспарына ерекше тоқталды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген шараларды қорытындылады. 

Облыс әкімі ендігі кезекте басымдық имидждік жобаларға емес, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен және кешенді түрде шешуге берілетінін атап өтті.

Нұржан Нұржігітов облыс орталығының ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі жұмыстар іс-шаралар жоспары шеңберінде алдағы 3 жыл бойы жүргізілетінін жеткізді.

Ағымдағы жылы 6 негізгі каналды механикалық тазалау жұмыстары басталған. Тараз қаласының кәріз тазарту жүйесінің мәселесін шешу үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

15 шағын аудандағы инженерлік инфрақұрылым желілерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде.

“Тұрғындар мәселелердің шешімін жеке компаниялардан емес, жергілікті билік органдарынан күтеді. Біз жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, бақылауымыз керек. Осы тұрғыда қала әкімдігіне нақты тапсырмалар берілді”, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы бұл жағдай жолдарды жөндеуге де қатысты екенін айтты.

Көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру мәселесі де күн тәртібінен түскен емес.

“2020 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 163 аула абаттандырылды. Алайда олардың көпшілігі қағаз жүзінде орындалып, көптеген жұмыстар толық аяқталған жоқ. Қазіргі таңда құзырлы органдар тиісті ведомствоның бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүргізуде”, - деді облыс әкімі.

Ағымдағы жылы тұрғындардың өтінішін ескере отырып, 23 ауланы абаттандыру барысында аула алдындағы көлік тұрағын, кіреберіс жолды, жаяу жүргіншілер жолағы мен балалар ойын алаңшаларын қамту туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күні «Алатау» шағын ауданындағы 41 көше мен тұйықтарға сыртқы жарықтандыру желілері тартылды, 15 шағын ауданды жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Тараз қаласы әкімдігімен кәсіпкерлік мақсатта беріліп, игерусіз қалған 200 жер учаскесі анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр