Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкіммен кездесу үшін Тараздан Астанаға келген: Қарашөкеев көпбалалы отбасыға көмектесуге уәде берді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өзімен кездесу үшін жеті баласымен Тараздан Астанаға келген көпбалалы әкемен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған/press.kz

Облыс әкімі мәселені жеке қарап, отбасына көмектесуге уәде берді. Қарашөкеев Қарабаевтар отбасының жағдайынан хабардар екенін айтты. Еске салсақ, отбасының әкесі Жанайдар Қарабаев Тараз қаласы судьяларының заңсыздығы, прокурорлардың қысымы және олардың үйлерін тартып алып жатқаны туралы шағымданған. Әділдік таба алмаған ол 7 баласымен Тараздан Астанаға келіп, Жамбыл обылысының әкімімен кездескісі келетінін айтқан.

“Мен білемін. Ол маған келді. Бұл сұрақ прокуратураға жолданды. Ол заңсыз шешім болды деп есептейді. Бірақ оған бұлай шығындалудың қажеті жоқ, облысқа оралған соң, мен оны қуана қабылдар едім", – деді Қарашүкеев.

Алайда Жанайдар Қарабаевтың сөзінше, Қарашөкеевпен кездескеннен кейін ол прокуратураға жүгінген, алайда қызметкерлер оған қысым көрсетіп, тіпті мәселені шешу үшін пара талап еткен.

“Мен шығуға дайынмын, бірақ оған не айтамыз? Менің оған бар айтарым, қайтаңыз, құқық қорғау органдарымен өзімізде бар өкілеттіктер мен заңнамалық саланың аясында айналысамыз. Мен облыс әкімі ретінде сот шешімін жоққа шығара алмаймын. Биліктің әрбір тармағының нақты белгіленген құқықтары мен міндеттері бар және менің айыптауға немесе бағалауға құқығым жоқ. Жеті бала баспанасыз қалса, біз дайынбыз... Мен бұл мәселені білемін", – деді облыс әкімі.

Осыдан кейін Ербол Қарашөкеев Қарабаевтар отбасымен кездесіп, бір жастан 10 жасқа дейінгі жеті баланың барлығы Тараздан арнайы келгенін өз көзімен көрді. Отағасымен қол алысып, туындаған мәселелерді заң аясында, құқық қорғау органдарын тарта отырып шешуге уәде берді. Прокуратура тарапынан отбасына жасалған қысымға қатысты Қарашүкеев тексеріс жүргізуге уәде берді.

Талқылау