Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: Президент үкіметке тұрғын үйлерді жөндеуге көмек көрсетуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Фото: Ақорда

Премьер-министр Ольжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.

"Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды", — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


"45 ауылға тексеріс жүргізілген": Жамбыл облысында жер сілкінісінен кейін ғимарат қабырғаларында жарықтар пайда болған


Еске салайық, 28 наурыз күні сағат 03:42-де Алматыдан 323 шақырым оңтүстік-батыста, Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының тоғыз елді мекенінде жер сілкінісінің сезілу күші 5-тен 2 балға дейін болған. Ең жоғары 5 балл – Меркі ауданының Меркі ауылында тіркелді. Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл болды, ал Тараз, Шу қалаларында, сондай-ақ Қордай және Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Талқылау