Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыстан жарақат алғандардың арасында жергілікті тұрғындар бар

Жамбыл облысында болған жарылыстың салдарынан жарақат алған екі адамның жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің  арасында тұрғындар да бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

зардап шеккенн

Дәрігерлердің айтуынша, жансақтау бөлімінде бес адам жатыр. Оның бірінің денесінің 50%-ын күйік шалса, екіншісінің денесінің 80%-ы күйген. Оларды емдеу үшін арнайы Алматыдан санавиациямен мамандар бригадасы келген.  

“Жансақтау бөлімінде кеудесі жарақаттанған, қабырғалы сынған науқастар бар. Үшеуінің қабырғасына зақым келген. Қазір олардың жағдайы тұрақты ауыр. Зардап шеккендер барлығы – өрт сөндірушілер”, – деді қалалық көп бейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев. 
Оның айтуынша, ауруханаға түскен 93 адамның 10-ы қарапайым тұрғындар. Кейбіреулерінің жарақаты жеңіл болғандықтан үйлеріне қайтарылған. 

Бұған дейін қорғаныс министрі жергілікті халықтың зардап шекпегенін мәлімдеген еді. Ауруханада жатқандарын жағдайын көруге денсаулық сақтау министрі Алексей Цойда ұшып келген. 

Айта кетсек, әскери қоймада болған өрттен көз жұмғандардың саны 12-ге жетті. 

Дидар Халық
Жұма, 27 Тамыз, 2021 22:12
Талқылау