Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: Төрт миллиард теңгеге жуық шығын келген

Жамбыл облысының алты ауданында ТЖ режимі жарияланды. Аймақта су жоқ, ал дақылдар қурауда. Залал көрген фермерлерге үкімет резервінен қаржы бөлінбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала есептеулер бойынша залал сомасы – төрт миллиард теңгеге жуық. Судың болмауына байланысты облыстың алты ауданында жеті мың гектардан астам егін жоғалды. Бұл – қызылша, жүгері, пияз, картоп, қырыққабат және беде.

Суару маусымы басталғаннан бері жағдай өршуде. Содан кейін Қырғызстан  су қоймаларында су жеткіліксіз екенін мәлімдеді. Су шілдеде тіпті аяқталып қалды. Соның кесірінен шаруалар егістің шамамен 25-30% -нан айырылды. Залал қыркүйек айының ортасына дейін толық төленіп бітетіні айтылды.

“Зардап шеккен аймақтардың барлық фермерлеріне субсидиялар тез арада төленетіні туралы шешім қабылдадық. Жағдай стандартты емес, сондықтан Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – деді Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл облысының алты ауданында су тапшылығына байланысты  өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі енгізілгені хабарланды.

Талқылау