AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: 11-ден астам бизнес нысанының тас-талқаны шықты (видео)

Жамбыл облысында инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыс салдарынан 11 бизнес нысаны зардап шеккен. Желіде қираған мекемелердің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен бизнес субъектілерінің арасында дәмхана, жанар-жағармай станциясы, дүкен, автокемпинг және басқа нысандар бар. 

Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмысы ұйымдастырылған. Оның ішінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымбаев бар. Таңертеңнен бері штаб өкілдері жарылыс болған жерге барып, зардап шеккендерді аралап жүрген көрінеді.

Еркін Атымбаевтың айтуынша, әзірге қанша бизнес зардап шеккені белгісіз және жедел желі арқылы хабарласып жатқандар бар. Алдын ала деректер бойынша 11 бизнес субъекті зардап шеккен. 

"Қазір тізім жасалып жатыр. Зардап шеккен бизнес субъектілері туралы ақпарат оқиға орнын толық талдағаннан кейін қосымша хабарланады. Кәсіпкерлер үшін жедел желі ашылды", – дейді Атымтаев.

Сондай-ақ облыстағы кәсіпкерлер палатасының екі қызметкері және Байзақ аудандық филиалының төрт қызметкері Байзақ ауданында тұрады. Алайда қызметкерлер зардап шекпеген. 

"Біз қызметкерлеріміздің және олардың отбасыларының зардап шекпегеніне қуаныштымыз. Қазір олар өз үйлерінде. Біз олармен үнемі байланыста боламыз", – дейді Жамбыл облысындағы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Зардап шеккен бизнес өкілдері 109, +7(7262)513525 жедел желі нөміріне және "Атамекен" ҰКП 1432 колл-орталығына хабарласуына болады. 

Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Жарылыс салдарынан 88 адам зардап шегіп, 9 әскери қаза тапты. 6 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от КОММЕРЧЕСКИЙ ТЕЛЕКАНАЛ (@taraz24tv)

 

Айта кетейік, кеше сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Жарылыс салдарынан 88 адам зардап шегіп, 9 әскери қаза тапты. 6 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр